Канада тұрғыны 60 миллион доллар ұтып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Онтарио провинциясының тұрғыны құны 60 миллион канадалық доллар болатын джекпот ұтып алды.

Канада тұрғыны 60 миллион доллар ұтып алды

Сәтті билет Оуэн-Саунд қаласында сатылған. Сонымен бірге 15 адам әрқайсысының құны 1 миллион доллар болатын жұбаныш сыйлығына ие болған.

Lotto Max лотереясы 2009 жылы Канадада іске қосылып, жергілікті тұрғындар арасында танымал болып келеді. Бас жүлдені ұтып алу үшін 1мен 49 сан аралығындағы жеті санды табу керек, деп жазады шетелдік БАҚ.