07:47, 04 Ақпан 2019 | GMT +5
Канада тұрғыны лотереядан 25,5 млн доллар ұтып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Канада тұрғыны лотереядан 25,5 млн доллар ұтып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат CTV News телеарнасына сілтеме жасап.

Онтарио лотерея және құмар ойындар корпорациясының мәлімдеуінше, ұтыс иесі лотерея билетін Оуэн-Саунд қаласында сатып алған.
Одан бөлек, Грейтер-Садбери қаласынла сатып алынған тағы бір билетке 760 мың доллар мөлшеріндегі ұтыс шықты.