Канада тұрғыны лотереядан 38, 7 млн доллар ұтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Канаданың әзірге аты-жөні белгісіз тұрғыны ұлттық Lotto Max лотереясынан 50 млн канадалық доллар ($38,7 млн) ұтты.
Бұл туралы сенбіде жыл сайын Канадада осындай бірнеше ойын өткізетін Atlantic Lottery қауымдастығының өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.
Белгілі болғандай, бақытқа бөлеген түбіртек Квебек провинциясында сатылған. Сондай-ақ, тағы екі жан 1 млн доллардан олжалап ( $770 мың шамасында), аяқ астынан қуанышқа кенелді.