Канада тұрғыны Рождествода миллион доллар ұтып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Канадада белгісіз біреу танымал «6 из 49» лотереясының рождестволық ойынында бір миллион канадалық доллар (860 мың АҚШ доллары) ұтып алды.
Бұл туралы бейсенбі, 25 желтоқсан күні Atlantic Lottery қауымдастығының өкілі хабарлады.
Жеңімпаздың есімі әзірге белгісіз. Лотереяны ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда анықталғаны, бақытты билетті Кэйп-Брентон округіндегі Жаңа Шотландия провинциясында сатып алған.