Канада Үндістаннан ондаған дипломатын қайтарып алды

Канада
Фото: pixabay.com.

Екі держава арасындағы келіспеушілікке байланысты 41 канадалық дипломат Үндістаннан кетті. Kazinform бұл туралы ВВС басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Екі апта бұрын Үндістан Канададан ондаған дипломатия қызметкерін қайта шақыруды талап етті. Егер олар Үндістанда қалатын болса иммунитетінен айырамыз деп қорқытты. 

Канаданың ресми тұлғалары үнді тарапының қоқан-лоқысы халықаралық құқықты бұзатынын айтты. Екі ел арасындағы қарым-қатынас Канада «18 маусымда қаза тапқан белсенді Хардип Сингх Ниджардың өліміне Үндістанның қатысы бар» деп айыптағаннан кейін ушықты. Үндістан оны ойға қонымсыз деп атап, жоққа шығарды.

Бейсенбі күні Канада Сыртқы істер министрі Мелани Джоли көптеген канадалық дипломат пен олардың отбасы Үндістаннан кеткенін растады. 
Ол, үндістандық тараптың ақпараты бойынша, тек 21 канадалық дипломат иммунитетін сақтайды деп толықтырды. Басқалары үшін бүгін, 20 қазанда оның күші біржақты тәптіппен жойылады.

«Штатты қысқарту иммиграция өтініштерін өңдеу уақытын баяулатауы мүмкін», - деп мәлімдеді Канада иммиграция министрі Марк Миллер.

Бұған дейін Үндістан мен Канада арасындағы ауқымды халықаралық жанжал Канада аумағында сикх көшбасшысы Хардип Сингх Ниджар өлтірілгеннен кейін өршіп кеткені хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар