Канада жағалауында күшті жер сілкінісі болды

АСТАНА. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат - Тынық мұхиттағы Ванкувер аралына жақын жердегі Канада жағалауында магнитудасы 6,4 балл болатын күшті жер сілкінісі болды. Бұл туралы АҚШ Геологиялық қызметі хабарлады.

Канада жағалауында күшті жер сілкінісі болды

Жерасты дүмпулерінің ошағы Ванкувердің батысында 279 шақырым жерде және 23 шақырым тереңдіктер тіркелді. Қаза тапқандар мен қирандылар туралы ақпарат келіп түскен жоқ .

Әлсіз жерасты дүмпуері американдық Сиэтл қаласында да сезілді, деп хабарлады жергілікті полицияға сілтеме жасап Би-Би-Си. Мұнда да зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ.

Ақпарат әлі де келіп түсуде.