Канадада 200 мың адам жарықсыз қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канаданың Квебек провинциясының 200 мыңнан аса тұрғыны қатты желдің салдарынан жарықсыз қалд, деп хабарлайды CBC телеарнасы.

Канадада 200 мың адам жарықсыз қалды

Hydro-Quebec электр тарататын компанияның өкілі Мэть Руидің сөзіне қарағанда, жарық дүйсенбі күні түнде өшіп қалған. Авариялық жағдайды қалпына келтіру үшін компанияның 200 командасы жұмыс жасап жатыр.