Канадада әлемдегі ең үлкен мұз айдыны ашылды

АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - Канада астанасында жаңа мұз айдыны ашылды, ол бұрыннан әлемдегі ең үлкені деп танылған.

Канадада әлемдегі ең үлкен мұз айдыны ашылды

Биылғы жылғы канадалық әуесқойлар таза ауада конькимен сырғанап, Оттаваның Парламенттік белесіне жақын жердегі Ридо су арнасы арқылы бара алады. Олардың еншісіне 8 шақырымға жуық тегіс әрі қатты мұз айдыны беріліп отыр.

Өткен жылы мұз айдыны жұмыс істеген бір жарым айдың ішінде дем алушылардың саны рекордтық деңгейге - 835 мың адамға жетті, деп хабарлады Globalscience. Қазір Оттавада шамамен осынша адам тұрады.

2006 жылы канадалық Ридо су арнасы әлемдегі ашық аспан астындағы ең үлкен мұз айдыны ретінде Гиннестің рекордтар кітабында тіркелген.