22:28, 13 Ақпан 2016 | GMT +5
Канадада ауа райы минус 50 градусқа дейін суытады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Канаданың орталық және шығыс аймақтарында күн күрт суытты, кей жерлерде термометр бағаны минус 50 градусқа дейін түсіп кетуі ықтимал, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.

Қатты аяз туралы синоптиктердің ескертуі елдегі Манитоба, Онтарио, Квебек, Нью-Брансуик провинцияларында және Ньюфаундленд шығысы мен Лабрадорда жарияланған. Елдегі ірі қала Торонто мен Оттава да аяз аймағында қалып қойған, температура минус 40-45 градусқа төмендеуі мүмкін.
Қазір ел астанасында термометр бағаны 32 градус суықтықты көрсетуде. Ал, қатты аяз елдің солтүстігіндегі Онтарио мен Манитоба провинциясында күтілуде, ауа температурасы нөлден 50 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
Синоптиктер күн райы тек жексенбі кешке жылынуы мүмкін деп болжап отыр.
Ауа райының күрт суытуы салдарынан елдімекендердегі далада өтетін іс-шаралардың барлығы кейінге қалдырылған.