Канадада белгісіз бақытты жан ұлттық лотереядан 40 млн. доллар джекпот ұтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Канаданың Онтарио провинциясында 50 млн. доллар джекпот ұтқан лотерея сатылды (($40 млн). Бұл туралы жексенбі күні Канададағы ең танымал Lotto Max лотереясының өкілдер мәлім етті, деп хабарлады ТАСС.
Қазіргі кезде бұл билет Васага-Бич қаласының шағын азық-түлік дүкендерінің бірінде сатылғаны белгілі. Дүкен қожайыны Арменак Кишишиан бақытты билетті осында жиі келетін адамдардың бірі ұтқанын айтты. Әзірге ұтыс шыққан лотерея билетінің иесі лотерея өкілдерімен хабарласпаған.
2009 жылдан бастап Канадада ең танымал жергілікті лотерея билеттері сатылуда. Бас жүлдені ұту үшін 1-ден 49-ға дейінгі жеті негізгі нөмірді табу қажет.