Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Канадада белгісіз біреулер мешіт ішінде оқ жаудырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канаданың Квебек қаласындағы мешітте атыс болды, мешіт ішінде 40-қа жуық адам болған.

Канадада белгісіз біреулер мешіт ішінде оқ жаудырды

Бұл туралы РИА Новости батыс БАҚ-тарына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға жергілікті уақытпен кешкі сегізде орын алды, үш қарулы адам мінәжат етушілерге оқ жаудырған.

Fox News хабарлауынша, Канададағы мешітте болған атыстан бес адам қаза тапты.

Huffington Post Quebec газеті полицияның екі күдіктіні ұстағанын жазды.