Канадада беймәлім жан лотореядан $49,5 млн. ұтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үйеңкі жапырақты елде беймәлім бақытты адам танымал «49-дан 6» лотореясынан 64 миллион канада долларын ($49,5 млн) ұтып алды. Бұл туралы жексенбі күні Atlantic Lottery қауымдастығы хабарлады, деп жазады ТАСС.
None
None

«4, 5, 6, 22, 29, 30 сандары ойнатылды», - деп нақтылайды ұйымдастырушылар. Бұл ел тарихындағы ең ірі ұтыстардың бірі саналады.

Бақытты билет Онтарио провинциясының Миссисога қаласындағы киім сататын дүкендердің бірінде сатылған.

2013 жылы дәл осы лотореядан 63,4 млн канада долларын ($47,4 млн) ұтып алған 4 жеңімпаз ақшаны өзара бөліскен болатын.

Соңғы жаңалықтар