Канадада бұғы көліктен шығып келе жатқан ер кісіні мүйізімен сүзді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Желіде бұғының адаммен кенеттен соқтыққан видеосы пайда болды, деп хабарлайды РИА Новости. 

Канадада бұғы көліктен шығып келе жатқан ер кісіні мүйізімен сүзді

Оқиға Канаданың Британиялық Колумбия провинциясында болған. Ер кісі көліктен асықпай түсіп, ғимаратқа кіре бере қатты жылдамдықпен бұғы келіп, сүзеді.

Бейнетаспаға қарап ешкімнің зардап шекпегенін байқауға болады - бұғы ары қарай жүгіріп кетсе, ер кісі орнынан тұрып кетіп қалды.