Канадада дыбыс жазу студиясының алдында атыс болды

АСТАНА. KAZINFORM – Канаданың Торонто қаласындағы дыбыс жазу студиясының алдында атыс болып, 20-дан астам адам ұсталды. Бұл туралы CTV News телеарнасына сілтеме жасап Ресейдің Риа Новости агенттігі хабарлады.

Канада полициясы
Фото: torontovka.com

Құқық қорғау органы қызметкерлерінің хабарлауынша, ұрланған көлік мінген үш адам студияға келіп, ғимарат адына жиналған адамдарға оқ атқан, сөйтіп атыс басталған.

«Дыбыс жазу студиясының алдында кемінде 100 рет оқ атылған соң 23 адам қамауға алынды»,-делінген телеарнаның хабарламасында. Алайда атыс салдарынан ешкім зардап шекпеген.

Полиция 16 атыс қаруын тәркілеген. Қарулар студияның ішінде, шатырында және жақын маңдағы қоқыс жәшігінен табылған.

Полиция атыс кезінде студияда біреудің болған-болмағаны туралы сауалды жауапсыз қалдырды. Атыстың себеп-салдары анықталып жатыр. Оқиға бандалар арасында болған жанжалдың салдары болуы мүмкін, оқиғаны полиция анықтап жатыр.

Осыған дейін Түркияның 3 қаласы әлемнің ТОП-100 қатарына кіргенін хабарлаған едік.

 

Соңғы жаңалықтар