Канадада екі баланы өлтірген питон иесін сот ақтап шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Канадада алқабилер соты 2013 жылы алты және сегіз жастағы екі баланы буындырып өлтірген алып жылан қашып кеткен зоодүкен иесін ақтады, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.
Төрт метрлік торкөзді питон түн ішінде террариумнан шығып, диаметрі 10 см болатын желдеткіш саңылауы арқылы дүкен үстіндегі пәтерге, ағайынды Ноа және Коннор Барт ұйықтап жатқан бөлмеге өтіп кетіп, балаларды буындырып өлтірген.
Сотта дүкен иесі Жан-Клод Савойенің адвокаттары Савойенің жыланның жіңішке саңылау арқылы пәтерге өтетінін білмегенін және оны жабуды қажет деп таппағанын айтты.
Прокурорлар керісінше, желдеткіш саңылауын тормен жаппаған Савойе қылмыстық немқұрайлылық танытты деп есептеуде. Алайда, алқабилер соты зоодүкен иесін жақтады.
Оқиға 2013 жылы тамыз айында канадалық Нью-Брансуик провинциясы, Кэмпбелтон қаласында болды. Зообақ үстіндегі пәтерде ұйықтап жатқан екі баланың жансыз денесі табылды. Тексеру кезінде олардан жылан уы табылған.
Питон кейін ұсталып оның көзі жойылды.