Канадада фестиваль кезінде көлік бір топ адамды басып кетті
АСТАНА. KAZINFORM — Канаданың Ванкувер қаласындағы оқыс оқиғадан бірнеше адам қаза тауып, тағы бірқатары жараланды, деп хабарлайды BBC.

Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00 шамасында (BST бойынша 04:00) болды. Көлік жүргізушісі қамауға алынды, делінген полицияның X әлеуметтік желісінде жарияланған мәлімдемесінде.
Ванкувер мэрі Кен Сим зардап шеккендер мен олардың отбасыларына көңіл айтты. Ол Филиппиннің басты ұлттық мерекелерінің бірі — Лапу-Лапу күніне арналған жиында болған оқиғадан шок болып, қатты қайғырғанын атап өтті.
Полиция тергеуді жалғастырып жатыр. Оқиғаның мән-жайы нақтыланады.
Бұған дейін Германияның Мангейм қаласында осыған ұқсас жағдай болды. Сол кезде де бір топ адамды көлік басып кеткен еді.
2024 жылдың желтоқсан айында Магдебургте 50 жастағы саудиялық дәрігер-психиатр Рождество базарына келушілерге шабуыл жасап, алты адам қаза тапты.
Ақпан айының ортасында 24 жастағы ауған босқыны өз көлігімен Мюнхендегі демонстранттар тобын қағып кетті. Оқиға орнында жас әйел мен бала жан тапсырды.