Канадада фильм продюсері мұсылман әйелдеріне арналған жаңа киім үлгілерін тігіп шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канада мемлекетіндегі алғашқы ислами сериалдың продюсері Зарка Наваз өзін тағы бір қырынан танытты. Ол сериал түсіру барысында кездескен түйткілдерінің шешімін іздеп, ақыр соңында мұсылман әйелдеріне арналған жаңа киім үлгілерін тігіп шығарған.

Канадада фильм продюсері мұсылман әйелдеріне арналған жаңа киім үлгілерін тігіп шығарды

«Аймақтағы кішкентай мешіт» деп аталатын ислами сериал түсіру барысында Зарка Наваз Канада мемлекетінде мұсылман әйелдерінің киім индустриясы мүлдем жоқ екеніне көз жеткізген.

«Канаданың мұсылман әйелдері қара хиджабтың орнына әдемі тігілген әрі ұлттық нақышпен өрнектелген киімдер кигісі келетінін байқадым», - дейді ол.

Оның тіккен киімдері алғаш рет Торонто қаласында өткен Ислам конференциясында сатылымға шыққан болатын, деп жазады muslim.kz.