Канадада хоккей матчын аюлардың шабуылы тоқтатты

АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Канадада ЖХЛ командалары Calgary Hitmen мен Kootenay Ice арасындағы кездесуде дәстүрлі хоккей шоуы болып өтті.

Канадада хоккей матчын аюлардың шабуылы тоқтатты

Ұйымдастырушылардың жоспары бойынша, Calgary Hitmen жанкүйерлері өздерінің сүйікті командалары гол соққан сәтте мұз айдынына ойыншық аюларды лақтырып, алаңды толтырып тастау керек. Шоу екінші кезеңнің үшінші минутында Calgary Hitmen шабуылшысы Павел Падакин көптен күткен шайбаны қақпаға салғанда басталды.

Мереке барысында түскен қаржы қайырымдылық шараларына жұмсалады. Матчтан кейін Calgary Hitmen хоккейшілері науқас балалар жатқан ауруханаларға барып, бүлдіршіндерге ойыншық аюларды тарту етті, деп хабарлады РБК.