Канадада Холокосты бастан кешірген миллиардер өмірден озды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канаданың азаматы, миллиардер Давид Азриэли Квебекте, өзінің үйінде 92 жасқа қараған шағында өмірден озды.

Канадада Холокосты бастан кешірген миллиардер өмірден озды

Азриэли қорының мәлімдемесінде бизнесмен өлімінің себебі жайлы айтылмайды.

Forbes журналы оның қазына-мүлкін 2,9 млрд. долларға бағалап отыр. Азриэли Канада, АҚШ пен Израильде көк тіреген кеңселерді, қонақ үйлер мен сауда орталықтарын салу арқылы байыған.

Ол 1922 жылы Польшада туған, неміс оккупациясынан қашу үшін 1939 жылы елінен кетті. Холокосты бастан кешірген Азриэли отбасынан тек Давид пен ағасы ғана аман қалды.

1946 жылы Давид Технионда архитектураны меңгерді, алайда жоғары оқу орнын бітіре алмады. Ол өзін солдат ретінде де сезініп көрді: 1948 жылғы араб-израиль қақтығысы кезінде соғысты.

1954 жылы Азриэли Монреальға келеді. Онда ол жекеменшік құрылыс компаниясын құрды. 75 жасында ғана Карлтон Университетінде архитектурадан магистрлік дипломын алды.