Канадада қалың жауған қар 18 мың тұрғынды жарықсыз қалдырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Канаданың Британ Колумбиясы дейтін провинциясында қалың жауған қардың кесірінен 18 мың тұрғын жарықсыз қалды. Бұл туралы елдегі ірі электр компаниясының басшысы мәлімдеді. Оның айтуынша, жарық қашан берілетіні белгісіз.
«Бораған қар жұмысқа кедергі келтіріп, жол қатынасына да бөгет болып тұр. Кей жерлерде қардың қалыңдығы жарты метрге жеткен. Салдарынан көлік апаты көбейіп, шаһарда жүріп-тұру қиындады», деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.
Синоптиктердің болжамы да көңіл көншітерлік емес. Алдағы тәуліктерде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін.