Канадада киттің кесірінен кеме аударылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канададағы Британ Колумбиясы провинциясындағы Тофино елді мекенінің жанында круиздік жолаушылар кемесінің суға батуы салдарынан бес адам қаза тапты. Бір адам із-түзсіз жоғалып кетті.
None
None

Жексенбінің таңында туристер тобы мінген "Левиафан II" үш палубалы кеме әсерлі экскурсия жасау үшін теңізге шықты. Кеме туристер киттерді тамашалауы үшін олар мекендейтін жерге келіп жеткен. Жүзу кезінде кеменің бортында 27 адам болған.

Тергеудің алдын ала нұсқасы бойынша, туристер тобы кеменің сол жақ бортына жиналып, суретке түсе бастағанда, кит кемеге жақындап, құйрығымен кемені бар күшімен соққан. Соққы салдарынан кеме аударылып, суға батып кетті, экипаждың барлық мүшелері мен туристер суда қалды.

Ұлыбританияның бес азаматын аман құтқару мүмкін болмады. Кемеде болған Австралия азаматы із-түссіз жоғалған, деп жазады шетелдік БАҚ.

Соңғы жаңалықтар