Канадада мектеп автобусы жүк көлігімен соқтығысқан

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канадада мектеп автобусы мен тіркемесі бар жүк көлігінің соқтығысуынан екі адам зардап шекті, деп жазады ТАСС .
None
None

CBC телеарнасының хабарлауынша, апат Шониган-Лэйк қаласында  болған. Тіркемесіне қайық артқан жүк көлігі жолдан сырғып кетіп, автобустың алдыңғы жағына соғылған. Салдарынан екі жүргізуші де жарақаттанып ауруханаға түсті. Абырой болғанда, автобустағы 12 мектеп оқушысы зардап шеккен жоқ.

Алдын ала болжам бойынша, келеңсіз жағдайға ауа райының қолайсыздығы (қар және жолдың көктайғақ болуы) себеп болған.

Шониган-Лэйк қаласы Ванкуверден оңтүстік батысқа қарай шамамен 120 шақырым қашықтықта орналасқан. 

Соңғы жаңалықтар