Канадада мұнай өңдейтiн зауытта жарылыс болуы салдарынан 1400 адам көшiрілді
АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Канаданың Реджайна (Саскачеван провинциясы) қаласындағы мұнай өңдейтiн зауыттың аумағында қуатты жарылыс болды. Кәсiпорын аумағынан 1400 қызыметкер көшірілді.
CBC телекомпаниясына сілтеме жасап Newsru.com хабарлағандай, оқыс оқиға дизель отыны өндірілетін бөлімде болған. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, өрттің қуатты болғаны соншалық, жоғары температурадан металл құрылыстар балқи бастаған.
Телекомпанияның дерегіне қарағанда, жаңа жабдық орнатып жатқан 10 жұмысшы зардап шекті. Олардың сегізі ауруханаға жатқызылса, екеуіне оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Алдын ала мәлiмет бойынша, құбырдан газ шығуы жарылыс пен өрттің себебі болған.