Канадада мұнай тиелген пойыз рельстен шығып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Канадада мұнай тасымалдаған пойыз рельстен шығып кетті. Оқиға орнында өрт пайда болып, аққан мұнай жергілікті су қоймасына құйылды.
Апат салдарынан ешкім жапа шеккен жоқ, алайда қою қара түтінге байланысты полиция Годама қаласы тұрғындарының үйлерінен шықпауын сұрады.
Бұл Онтарио провинциясының солтүстігінде соңғы айда болған үшінші оқиға.