Канадада орман өрті күшейді

None
КВЕБЕК. ҚазАқпарат - Қанададағы орман өртінің саны мен қарқындылығы барлық рекордтарды жаңартып отыр. Елдің премьер-министр Джастин Трюдоның мәлімдеуінше, қазір Канадада 414 орман өрті орын алған, олардың 239-ы бақылаудан шығып кетті. 20 мыңнан астам адам өз үйлерінен эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Квебектің өзінде ғана 150-ден астам белсенді өрт ошағы бар, бұл ретте жергілікті өрт сөндірушілердің бір уақытта 40-тан аспайтын өрт ошағымен күрес жүргізу мүмкіндігі бар.

Өрт салдарынан АҚШ қалалары - Нью-Йорк, Вашингтон және басқаларында тұмша байқалды. АҚШ солтүстіктегі көршісіне жедел жәрдем жіберуде.

Фото: GETTY IMAGES

Квебектен басқа, Британдық Колумбия, Альберта, Онтарио, Жаңа Шотландия және солтүстік-батыс аумақтарында 3,3 млн га алқапта орманды жер өртеніп жатыр.

Фото: REUTERS

Елдің мыңдаған тұрғыны эвакуациялануға мәжбүр болды, ал ауа түтініне байланысты қауіп орнағандықтан Солтүстік Америкада ондаған миллион адамға ескертілді.

Фото: GETTY IMAGES

Канада мен АҚШ-тың көптеген қалаларында, соның ішінде Торонто, Оттава, Нью-Йорк және Вашингтонда аспан күңгірт қызғылт сары түске боялған. Оттава билігі өрттен ауаның ластануын адамдардың денсаулығына, әсіресе тыныс алу органдарының ауруларына өте қауіпті деп атайды.

Фото: GETTY IMAGES

Нью-Йорк пен Вашингтонда мемлекеттік мектептердің жұмысы тоқтатылды, ал Нью-Йорк мэрі Эрик Адамс жағдайдың ушығуы мүмкін екенін ескертпіп, халықты үйден шықпауға шақырды.

Фото: GETTY IMAGES