Канадада орман өртінің салдарынан бір жарым мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді

АСТАНА. 19 шілде. ҚазАқпарат - Канададағы Онтарио провинциясының бір жарым мыңға жуық тұрғыны аймақта болып жатқан орман өртіне бола өз үйлерінен кетуге мәжбүр болды. Бұл туралы жергілікті БАҚ ақпаратына сілтеме жасай отырып Утро.ру агенттігі хабарлаған.

Канадада орман өртінің салдарынан бір жарым мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді

Журналистердің мәліметінше, Канаданың солтүстік-батысында орналасқан провинцияда жанып жатқан 94 жалын ошағы тіркелген. Қазіргі таңда екі мыңға жуық өрт сөндіруші, 117 ұшақ пен 80 тікұшақ тілсіз жауды ауыздықтауға тырысып жатыр. Алдағы күндері өртті тоқтатуға көмектесу үшін тағы 500 өрт сөндіруші жіберіледі, олар сәрсенбі күні өрт болып жатқан орынға келулері керек. Сондай-ақ қосымша ұшақтар да жетпекші. Жағдайдың ең қиыны, аймақта апта соңына дейін аптап ыстық басылмай, қатты жел соғады деп болжанған.