Канадада орман өртіне байланысты 6 мыңнан астам адам эвакуациялануда

АСТАНА. KAZINFORM – Канаданың Вуд-Баффало муниципалитетінің мыңдаған тұрғындары аймақты шарпыған орман өрттеріне байланысты эвакуациялануда, деп хабарлайды Анадолы.

канада
Фото: aa.com.tr

CBC News-тің хабарлауынша, Форт-МакМюррей аймағындағы өрттерден кейін аймақта «жергілікті төтенше жағдай» жарияланған.

Атап айтқанда, Вуд-Баффало муниципалитеті орман өрттері аумағы шамамен 21 мың гектарға жетіп, өрт елді мекендерге жақындағаннан кейін Форт-МакМюррей, Бикон Хилл, Абасанд, Прейри-Крик және Грейлинг-Террас сияқты аумақтарды эвакуациялауға бұйрық берілген.

Аймақтық өрт сөндіру бөлімінің бастығы Джоди Буц журналистерге эвакуациялау шешімі шамамен 6000 адамға әсер ететінін айтты. Буц орман өртімен күресу үшін ресурстар жеткілікті екенін, дегенмен аймақ тұрғындарын қауіптен қорғау мақсатында эвакуациялау керектігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар