Канадада пойыз екі қабатты автобусты қағып кетті: қаза тапқандар бар

АСТАНА. 18 қыркүйек. ҚазАқпарат - Канаданың астанасы Оттавада транзитті пойыз екі қабатты автобусты қағып кетті, деп ақпараттандырады РБК.

Канадада пойыз екі қабатты автобусты қағып кетті: қаза тапқандар бар

CBC News хабарлағандай, қақтығыс қаланың оңтүстік-шығысында 18 қыркүйек күні жергілікті уақыт бойынша сағат 08:48-де (Мәскеу уақыты бойынша 16:48-де) Фэллоуфилд станциясының жанында орын алған. Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер көптеген құрбандар мен ондаған зардап шеккендердің болғанын хабарлауда.

Автобустың алдыңғы бөлігі қатты бүлінген. Қазіргі уақытта апат себептері және құрбандар саны анықталуда.