15:52, 12 Ақпан 2020 | GMT +6
Канадада Садриддин Ахмедовтің кіммен жекпе-жекке шығатыны белгілі болды
МОНРЕАЛЬ. ҚазАқпарат - Монреальда (Канада) Eye of the Tiger Management компаниясы алдағы екі бокс кешіне арналған баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Кештің бірінде, яғни 12 наурыз күні рингке жастар арасындағы WBC және WBC Asia чемпионы, қазақстандық Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) шығады. Қарсыласының есімі кейінірек хабарланады.
Баспасөз мәслихаты кезінде оның промоутері Камил Эстефан боксшының айқасы өтетін күнді ресми түрде жария етті. Шараға спортшының өзі де қатысты.
Ахмедовтің соңғы жекпе-жегі 2019 жылдың 7 желтоқсанында Монреальда өткен болатын. Ол аргентиналық Хосе Антонио Вильялобосты (12-6-2, 7 КО) жетінші раундта нокаутқа жіберді.