Канадада серігін аюдан құтқармақ болған аңшы оны ауыр жарақаттады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канадада серігін аюдан құтқармақ болмақ аңшы, оны ауыр жарақаттады, деп хабарлады СВС телеарнасы.

Канадада серігін аюдан құтқармақ болған аңшы оны ауыр жарақаттады

Оқыс оқиға Британдық Колумбия провинциясындағы Ферни қаласы маңында орын алды. Аю талаған және серіктесінің атқан оғы тиген 56 жастағы аңшы ауыр жарақаттанды.

Оны тікұшақпен Калгари қаласындағы ауруханаға жеткізді.

Сондай-ақ оқ атқан аңшының жыртқышты өлтіріп үлгергені, өзінің зардап шекпегені хабарланды.