Канадада тікұшақ мұхитқа құлады
ОТТАВА. ҚазАқпарат - Британдық Колумбия провинциясының батысында Тынық мұхитына тікұшақ құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат CBC телеарнасына сілтеме жасап.
Канадалық көлік қауіпсіздігі кеңесінің мәліметінше, оқиға дүйсенбі күні Джорджия бұғазындағы Сешельт елді мекенінен солтүстікке қарай 40 шақырым жерде орын алған. Жүктерді тасымалдауға арналған Kaman K-MAX тікұшағында тек ұшқыш болды. Оның іздестіру жұмыстары жалғасуда.
Тікұшақтың құлау себептері туралы әзірге мәліметтер жоқ.