Канадада төрт адамның өмірін қиған жігітті полицейлер атып өлтірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канада полицейлері  төрт адамның өмірін қиған елдің солтүсігіндегі  Акульвик кентінің 19 жасар тұрғынын атып өлтірді. 

Канадада төрт  адамның өмірін қиған жігітті полицейлер атып өлтірді

Бұл туралы CBC телеарнасы хабарлады.

Құқық қорғаушылардың ақпаратына қарағанда, канадалық азамат тұрғын үйлерге кіріп келіп, ондағы адамдарды пышақтаған. Салдарынан  төрт бейкүнә жан ажал құшты, олардың арасында он жасар бала да бар. Кем дегенде екеуі жараланған.  Полицейлер қылмыскерді төртінші үйге кіргелі жатқан сәтінде атып өлтірді.