Канадада вакцина алмаған азаматтарға салық салынуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Канадада билік вакцинацияланбаған азаматтарға салық салуға ниетті. Бұл туралы ҚазАқпарат Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Канадада вакцина алмаған азаматтарға салық салынуы мүмкін

Жаңашылдықтар Квебек провинциясына әсер етеді. «Денсаулық сақтау жарнасы» деп аталатын салықты вакцинациядан бас тартқан адамдар төлеуі керек. Провинция Премьер-Министрінің айтуынша, бұл шаралар «бас тартушылардың» барлық тұрғындар үшін қаржылық ауыртпалық тудыруына байланысты қабылдануда.

Португалияда елге келген кезде коронавирусқа тестілеудің теріс нәтижесі болмаған 2200-ден астам саяхатшыға билік 1-10 қаңтар аралығында айыппұл салды. Аталған саяхатшыларға коронавирусқа тексерудің бастапқы теріс нәтижесінсіз кіруге рұқсат бергені үшін барлығы 41 авиакомпанияға айыппұл салынды.

Бірқатар елде коронавирусқа шалдыққандардың тәуліктік өсуі бойынша анирекордтар тіркелді: Францияда — 368 149 жағдай, Италияда — 220 532, Аргентинада — 134 439, Түркияда — 74 266, Болгарияда — 7 062 жағдай.