Канададағы мектептегі атыс: 5 оқушы ажал құшты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Канадада Саскачеван провинциясындағы Ла-Рош қаласы мектептерінің бірінде болған атыс салдарынан кемінде бес оқушы қаза тапты, деп мәлімдеді Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо.
Бұлардан басқа екі зардап шегуші ауыр жағдайда, деп хабарлайды Росбалт.
БАҚ мәліметтерінше, оқушылардың бірі адамдарға оқ жаудырған.
Қалалық өрттен қорғау бөлімшесінің хабарлауынша, "қолында мылтығы бар баала" ұсталды.