Канадаға бет алған ұшақтағы улы өрмекшілер жолаушыларды шошындырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Доминикан республикасынан Air Transat әуе компаниясының Канадаға бағыт алған ұшағының ішіндегі екі бүйе жұртты қатты үрейлендірді.
Улы өрмекшілер жолаушылар сөмкесінен шығуы мүмкін деп шамаланып отыр.
Ұшақ салонында жүгіріп жүрген екі бүйені көрген жолаушылар шошып, орындықтарынан атып тұрып, аяқтарын барынша жабуға тырысты, деп хабарлайды The Guardian.
Ақыры өрмекшілердің біреуін ұстау мүмкін болды. Олардың екіншісі ұшақтың ішкі бөлігінде Монреальға ұшып келгенше жорғалап жүрді. Қонған соң оны арнайы қызметтер ұстап алды.
Бүйелердің ұзындығы - 20 сантиметрге жете алады және олардың азуы 2 сантиметрдей болуы мүмкін, деп жазады russian.rt.com.