Канадаға соңғы 75 жылда болмаған қар жауды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канаданың солтүстік-шығысындағы Ньюфаундленд және Лабрадор провинциясында 75 жылда болмаған қар жауды, деп хабарлады CTV телеарнасы.

Канадаға соңғы 75 жылда болмаған қар жауды

Ал кейбір аудандарда қар рекордтық көрсеткіш - 21 см. түскен. Оның алдындағы рекорд 1939 жылы 6 мамырда (13 см.) тіркелген еді.

Ауа райының тосын мінезінің салдарынан көптеген оқу орындары жұмыс істеуін тоқтатты. Полиция автожолдарда жол-көлік оқиғаларының күрт көбейгенін хабарлады.