Канадалық фермер 2,6 метрлік ұзын кәді өсірді

кәді
Фото: CHCH News

Онтариодағы (Канада) фермер өз бақшасында ұзындығы 2,6 метрлік ұзын кәді өсірді. Бұл тарихта жаңа рекорд болуы мүмкін, деп хабарлайды Kazinform.

Генри Д'Анжела алып көкөністі әлемдегі ең ұзын деп тануы үшін Гиннестің рекордтар кітабына өтініш берді.

Генри Ниагара сарқырамасынан батысқа қарай 30 миль жерде орналасқан Торольд қаласының тумасы.

Ол кәді өсіруді он жыл бұрын бастаған.

кәді
Фото: EastFruit

Айтуынша, көкөністердің ұзын болуының сыры – жиі суару мен керек мөлшердегі тыңайтқышта.

Сондай-ақ, Торольд аймағында жаз кезінде күндізгі жарықтың 15 сағаттан астам уақытқа созылуы өсімдіктердің өсуіне қосымша мүмкіндік береді.

кәді
Фото: EastFruit

Ең ұзын кәді-цуккинидің алдыңғы рекорды Джон Джованни Скозафавейнге тиесілі.

2014 жылы ол ұзындығы 2,5 метр кәді-цуккини өсірген.

Соңғы жаңалықтар
telegram