Канадалық Адонис Стивенсон бокстан Әлем чемпионы болды. ВИДЕО

АСТАНА. 9 маусым. ҚазАқпарат - Канадалық Адонис Стивенсон Дүниежүзілік бокс кеңесінің нұсқасы бойынша 79,38 келі салмақ дәрежесінде Әлем чемпионы болды.

Канадалық Адонис Стивенсон бокстан Әлем чемпионы болды. ВИДЕО

Ол Монреалда өткен жекпе-жекте Америка спортшысы Чэд Доусонды нокаутқа жіберді.

А.Стивенсон бірінші раундтың екінші минутында-ақ қарсыласын нокаутқа жіберді. Америкалық боксшы алған соққыдан аяғына есеп аяқталғанға дейін тұра алғанымен, кездесуді одан әрі жалғастыра алмады. Осылайша, Доусон әлем чемпионы титулын қорғап қала алмады.