Канадалық азамат 11 жылда жаяу дүниежүзін айналып шықты

АСТАНА. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат - 56 жасар канадалық азамат Жан Белью 11 жылда жаяу дүниежүзін айналып шығуға бел буды.

Канадалық азамат 11 жылда жаяу дүниежүзін айналып шықты

ИТАР-ТАСС хабарлауынша, жолға ол 2000 жылдың 18 тамызы күні ақпараттық табло дайындайтын шағын компания банкротқа ұшырағаннан кейін Монреаль қаласынан шыққан. Өзімен бірге ұйықтайтын кішкентай бесік арба мен киімдерін және 4 мың доллар ақша алған Жан Белью дүниежүзін айналып шығуға жаяу аттанды.

Жол бойы оған таулар мен шөлейт даланы басып өтіп, табанын тоздырып, сақалын өсіруге тура келді. Тіпті оған Африкада жәндікті жеп, Оңтүстік Кореяда иттің етімен қоректенуге, ал Қытайда жылан қуырып жеуге тура келді.