Канадалық азамат ну орманда 26 келілік саңырауқұлаққа тап болды

АСТАНА. 13 шілде. ҚазАқпарат - Канададағы Британдық Колумбия тұрғыны салмағы 26 келі болатын саңырауқұлақты тапты,

Канадалық азамат ну орманда 26 келілік саңырауқұлаққа тап болды

 деп хабарлайды UPI. 62 жастағы Кристиан Террьен оны ұлы Себастьенмен қыдырып жүргенде үстінен түскен.

Канадалықтар 26 келілік саңырауқұлақты өздерімен бірге алып келіп, туыстары мен достарына көрсетті,  фотосуретке түсті, содан кейін орнына апарды. Террьеннің атап өтуінше, баласы екеуі әлемдегі ең ірі саңырауқылақты тапқан. Олардың  саңырауқұлақ рекордына өтінім беру-бермеуі туралы әзірге айтылмай отыр.