Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Канадалық ерлі-зайыптылар лотереядан үшінші рет ұтып, миллионер атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канаданың Эдмонтон қаласында Барбара мен Дуглас Финк үйленгеннен кейінгі үшінші лотереяны ұтып алды. Бұл ұтыс көлемі олардың өміріндегі ең ірі қаражат және ол 8,2 миллион канадалық долларды құрады (6,1 миллион АҚШ доллары).

 Канадалық ерлі-зайыптылар лотереядан үшінші рет ұтып, миллионер атанды

Бұған дейін ерлі-зайыптылар 1989 жылы 128 мың канадалық доллар ұтып, оны төрт досымен бөліскен еді. Ал 2010 жылы тағы 100 мың ұтып алды.

Батысканадалық лотереяның баспасөз баянына сәйкес, ерлі-зайыптыға бұйырған қазіргі сома компания тарихындағы ең ірі джекпот болған.