Канадалық гипноздаушы Францияда телекөрерменді қимылсыз қалдырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның оңтүстік-батысындағы құтқару қызметтерінің алдында ерекше міндет қойылды: олардың көмегіне канадалық гипноздаушы Месмердің қатысуымен өткен телешоуды көріп, гипноз әсерінде қалған адамның туыстары жүгінді.
None
None

Телекөрерменнің отбасы құтқарушылардан ер адамның теледидар алдында бір сағат қимылсыз табжылмай отырғаннан кейін көмек сұраған.

Оның зайыбы жұбайын гипноз әсерінен қалай шығара алуды білмегендігін түсінгенде қатты қорыққанын айтады. Алайда жұбайын гипноздан ақыры өзі шығарды: ол әйелінің қатты айқайынан кейін есін бір-ақ жинады.

Құтқарушылардың мәліметтерінше, гипноз әсеріне түсіп қалған телекөрермен өзін біртіндеп қалыпты сезіне бастаған.

Алайда ер адам қатты қорыққандығын айтады: гипноз кезінде ол комаға түсіп бара жатқандай болған.

Соңғы жаңалықтар