Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Канадалық лотереядан 38 миллион доллар ұтып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгісіз адам Канададағы танымал Lotto Max лотереясынан 50 млн канадалық долларды ($38 млн) ұтып алды. Бұл туралы елде шамамен оншақты осындай ұтыстар өткізетін Atlantic Lottery қауымдастығының өкілдері хабарлады.

Канадалық лотереядан 38 миллион доллар ұтып алды

"Ойналған нөмірлер - 8, 14, 18, 20, 24, 39 және 46. Бонус-саны - 23", - деп нақтылады ұйымдастырушылар. Қазіргі сәтте түбіртек орталық Канаданың бір провинциясына сатылғандығы ғана белгілі. Бұдан басқа тағы да 5 адам 1 млн доллардан ($750 мың) ұтты. Бірақ бұл билеттердің қай жерде сатылғаны әзірше белгісіз.

Фото: © flickr.com/remedy904