Канадалық миллионер Ги Лалиберте Халықаралық ғарыш стансасына аттанады

АСТАНА.  Қыркүйектің  10-ы.  ҚазАқпарат -  Қыркүйектің  30-ында орбитаға ғарыш  сапарының  кәсіби емес   қатысушы  ретінде  аттанатын канадалық  миллионер Ги Лалиберте   Халықаралық  ғарыш  стансасының   бортында    цирк  ұйымдастырмақ, 

Канадалық миллионер Ги Лалиберте   Халықаралық ғарыш стансасына аттанады

деп хабарлайды  РАТА-ТАСС агенттігі.

«Мен   өзіммен бірге  экипаждың  барлық мүшелеріне арнап    тоғыз клоун мұрнын  алып    бара жатырмын»,  деді   атақты «Күн  циркінің»    иесі  бүгін   Жұлдызды  қалашықта сапар   қарсаңында  өткен   баспасөз мәслихатында.

Ғарышта  цирк  ұйымдастыру -   Лалибертидің  басты міндеті  емес.  Оның  гуманитарлық сапарының мақсаты -  Жер    тұрғындарының  назарын     ғаламшардағы су жетіспеушілігі проблемасына  аудару. «Мен қарашаның  9-ында  барша     халықты   алғашқы ғарыш  әртісі таныстырылатын "One Drop" сайтына  тіркелуге    шақырамын», - деді   Ги Лалиберте өз сөзінде.