Канадалық провинциялар Қазақстанмен ынтымақтастықтың тереңдетудің болашағы зор екенін қуаттады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Канададағы Елшісі Константин Жигалов канадалық Нью-Брансуик провинциясында ресми сапарда болды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
None
None

Фредерикто қаласына сапары барысында К.Жигалов провинция Лейтенант-губернаторы Джоселин Рой Вьеноның қабылдауында болып, Нью-Брансуиктың Премьерінің орынбасары Стивен Хорсмэнмен, табиғи қорлар, энергетика және таукен өндірісі министрліктерінің басшылығымен, «OpportunitiesNB» агенттігімен, Сент-Джон қаласы портының әкімшілігімен және провинцияның басқа өкілдерімен келіссөздер өткізді. Елші,сонымен қатар, Канададағы ең ірі «IrvingOil» компаниясының Сент-Джон қаласындағы мұнай өңдейтін зауытының жұмысымен танысып, Нью-Брансуик Университетінің профессорлық құрамымен кездесті.

Сапар Канаданың халықаралық сауда-экономикалық және гуманитарлық байланыстарында маңызды рөлі рөл атқаратын канадалық провинциялармен Қазақстанның ынтымақтастығын тереңдетудің болашағы зор екенін қуаттады Тараптар энергетика, білім беру, кіші және орта бизнес деңгейінде жаңа өзара тиімді байланыс орнату қажеттігін атап өтті. Елшілік жақында осы мақсатта Қазақстан экономикасына жаңа инвестициялар тартуды көздеген Қазақстандағы экономикалық мүмкіндіктер туралы іскерлік-анықтама басып шығарды.

Астанада алда өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі, сондай­-ақ, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары Нью-Брансуик өкілдерінің елеулі қызығушылықтарын тудырды. Қазақстан мен Канаданың ұқсас жерлері көп, соның ішінде экономикалық құрылымдары және халықаралық құбылмалылық аясында екі елдің кез боларлық қатерлері ұқсас келеді. Сол себепті, еліміз басшылығының осы қауіптерге қарсы тұру тәжірибесі мен іс-шаралары канадалық басшылық тарапынан зор қызығушылық тудыруда.

Соңғы жаңалықтар