Канадалық Ричмонда әлемдегі ең қымбат пиццаның дәмін татып көруге болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жергілікті пиццериялардың бірінде құны 450 доллар тұратын жеңсік асты дайындауға теңіз шаяны (омар), бекіре уылдырығы, корольдік асшаян, қара нәлім пайдаланылған. Бірегей тағам Гиннестің рекордтар кітабына кірген, деп хабарлады Lenta.ru.

Канадалық Ричмонда әлемдегі ең қымбат пиццаның дәмін татып көруге болады

Дәмхана иесі Надер Хатами пиццаны дайындауға теңіз өнімдерін сүйіп жейтіндігі себеп болғанын айтады. Хатами пицца бағасының қымбат болуы қоспалардың қымбаттығы мен сирек кездесетіндігіне байланысты екенін атап өтті.

Пиццерия қазірде қымбат пиццаға 8 тапсырыс қабылдап үлгерген.