Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Канадалық ұлттық лотереядан 7,5 млн доллар ұтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзірге аты-жөні белгісіз болып отырған Канада тұрғыны танымал ұлттық лотереялардың бірі - "6 из 49"-дан 9,8 млн канадалық доллар ($7,54 млн) ұтты.

  Канадалық ұлттық лотереядан 7,5 млн доллар ұтты

Бұл туралы Канадада осындай оншақты ұтыс ойынын өткізетін Atlantic Lottery қауымдастығының өкілі мәлім етті.

Қазіргі сәтте бақытты түбіртек елдің шығыс атлантикалық провинцияларының бірінде сатылғаны мәлім болды.

«Ойналған нөмірлер - 8, 29, 31, 36, 43 және 47. Бонус саны - 23",-деп нақтылады ұйымдастырушылар.

Бұдан басқа тағы бір бақытты жан 1 млн доллар ұтқан

( $770 мың шамасында). Бұл билет Онтарио провинциясында сатылған.

Еске сала кетсек, 2015 жылдың қазанында "6 из 49" лотереясында Канада тарихындағы аса ірі 64 млн канада доллары көлемінде ($49,5 млн) джекпот ойнатылған болатын.

Ал өткен жылдың желтоқсанында Lotto Max лотереясында көлемі жағынан екінші - 60 млн доллар ұтыс джекпоты тіркелген еді.