Канадалық Виннипегте Рим-католиктік шіркеу әкімшісі 300 мың долларды жымқырған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канадалық Манитоба провинциясында Рим-католиктік шіркеудің бірінде әкімші діни мекеме есебіндегі 400 мың доллардан (300 мың АҚШ доллары) астам қаражатты иеленгені үшін айыпталуда.

 Канадалық Виннипегте Рим-католиктік шіркеу әкімшісі 300 мың долларды жымқырған

Бұл туралы сәрсенбіде СВС телеарнасы хабарлады.

Әңгіме Виннипегте 2009-2014 жылдарда Киелі Бернадетт шіркеуінде қаржы істерімен айналысқан 39 жастағы Лео Маккоане жайында.

Өткен жылғы мамырда жергілікті эпархияның аудиторлық тексеруі барысында бұл адам шіркеу есебінен қаражат алып, жоғарыда тұрған қаржы басқармасына жалған құжат жібергені анықталған. Осыдан кейін епархия полицияға жүгінген.

«Ол 2015 жылы аудит болатынын білген. Сондықтан 2014 жылдың соңында жұмыстан шығып кетті», - деп мәлімдеді мекеменің қаржы әкімшісі Р. Фреше. Маккоаны полиция қамауға алды. Оған алаяқтық, ұрлық, жалған құжат жасау бойынша айып тағылды.