Канадалық жұп Тесса Вирту/Скотт Моир әлем рекордын жаңартты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Олимпиада чемпиондары канадалық Ванкувера Тесса Вирту мен Скотт Моир Жапонияда өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан Гран-при кезеңінде қысқа би бойынша жаңа әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды ТАСС.
Екі маусымды өткізіп алған Вирту/Моир жұбының көрсеткіші 79,47 балл болды. Бұған дейінгі ең жоғары көрсеткіш америкалық Мэрил Дэвис пен Чарли Уайтқа тиесілі еді. Олар 2014 жылы Сочиде өткен қысқы Олимпиада ойындарындағы қысқа бағдарлама бойынша 78,89 балл жинаған еді.