Канадалықтар хоккейден Әлем кубогын иеленді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлем кубогының финалдық сериясының екінші матчында Канада хоккей құрамасы Еуропа құрамасын екі рет жеңді.
Матч 2:1 (0:1, 0:0, 2:0) есебімен канадалықтардың басымдығымен аяқталды. Жеңімпаздар құрамасында Патрис Бержерон (58-минутта) және Брэд Маршанд (60) ал Еуропа құрамасында Здено Хара (7-минутта) шайба салды, деп хабарлайды ресейлік lenta.ru">lenta.ru .
28 қыркүйек күні финалдық серияның алғашқы матчында Канада құрамасы Еуропалық құраманы жеңген болатын. Ойын 3:1 есебімен аяқталған.
Осылайша, Канада екінші рет турнир жеңімпазы атанды.